Тауар өндірушілердің үлесі зор

0

Тараз қаласындағы АШТӨ-нің қалаға қосып жатқан үлестері орасан зор. Атап айтқанда,                  наубайхана басшылары жылына 5000 бөлке нанды қайырымдылық акциясы ретінде халыққа таратуда және жағдайы төмен отбасыларына қаржылай көмек көрсетуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әр жылдың тамыз айында мектеп оқушыларын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде.

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 7 наубайхана тіркелген. Қала бойынша нан қажеттілігі тәулігіне 80000-83000 дананы құрайды. Тіркелген наубайханалар нанға деген қажеттілікті толығымен қамтуда және нан бағасын тұрақты ұстауда.

Жылыжайда көкөніс өсірумен айналысатын «Рамазан» ШҚ аптасына 2,5-3 тонна қызанақ және тәулігіне 800-900 кг қияр өнімін алып, қала дүкендерін қияр және қызанақпен қамтуда. Аталмыш ШҚ басшысы өз павильондарын ашып, базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен азық-түлік тауарларын халыққа ұсынуды жоспарлап отыр.

2019 жылы облыс тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының коммуналдық базарында 27 жәрмеңке өткізіліп, 150,4 млн теңгенің 687 тонна тауарлары және Тараз қаласының орталық алаңында 3 жәрмеңке өткізіліп, құны 103,6 млн теңгенің 378,9 тонна тауарлары өткерілді.

Тараз қаласы бойынша сүтті қайта өңдеуші 5 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтқанда: «Галеника» ЖШС, «Садыхан продукт» ЖШС, «Көкжиек-2030» ЖШС, «Шалкаров Б.К» ЖК, «Констянкин А.А» ЖК. Аталмыш кәсіпорындар айына 134,3 тонна сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, кілегей, ірімшік өнімдерін өндіріп,  қала дүкендерін сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етуде және  94 адамды жұмыспен қамтуда.

Сәкен Нуржаубаев,

бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.