Жобада — Жалпақтөбе ауылы

0

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын арттыру, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Үлгілі ауыл» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – ауыл-аймақты абаттандыру, көгалдандыру жұмысын күшейту, қоршаған ортаны қорғауға атсалысу, санитарлық тазалық сақтау, меценаттарды тарта отырып, елді мекенді көріктендіру.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың 2020 жылдың 16 наурыздағы «Үлгілі ауыл» жобасын ұйымдастыру және іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және елді мекендерді көріктендіруге, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған «Үлгілі ауыл» жобасы бойынша аудан әкімінің 2020 жылдың 10 сәуірдегі №97-ө өкімімен аудандық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық комиссия мүшелері бірнеше ауылды жобаға қатысуға лайықты деп танып, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Сол елді мекендердің бірі – Жалпақтөбе ауылы. Қазіргі танда бұл ауылда барлық бағыт бойынша тірліктер тиянақталуда. Ауылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету, ауылдың инфрақұрылымын және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін арттыру бағыттары бойынша игілікті істер қолға алынды. Алдағы мақсат – елді мекенде ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ынтымақ-бірлік пен тұрақтылықты сақтау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл көшелерін көріктендіру, жолдарын жөндеп, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөнге келтіру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.