Ауызашар себеттері таратылды

0

Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Бұл – ораза тұтқан жанның рухани тазарып, жетілетін, күналары кешіріліп, сабырлылығы артатын уақыт. Осы қасиетті айда ораза ұстаған жандар үшін жыл сайын аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың қолдауымен дастархан жайылып, ауыз ашар берілетін. Биылғы жылы індетке байланысты барлық салт-дәстүрлерімізді, ауызашарды әр адам үйінде өз отбасымен өткізуде. Сондықтан да қасиетті Рамазан айына орай ауданымызға қарасты елді-мекендердегі ауыз бекіткен 100 отбасына аудан әкімі М.Мұсаев ауызашарға арналған азық-түлік себеттерін дайындап, ол себеттерді ауданның ерікті жастарының көмегімен үйді үйлеріне таратып жеткізді. Отыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен барша аудан тұрғындарының тілеген дұға тілектері қабыл болсын дейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.