Салық заңнамасына енгізілген қосымшалар туралы

0

«Экономиканы тұрақтан­дыру­дың одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес мыналар бекітілді:
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тарифтерге «0» түзету коэффициентін енгізу:
1) ірі сауда орындарындағы, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы, кинотеатрлардағы, театрлардағы, көрмелердегі және спорттық-сауықтыру кешендеріндегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығы;
3) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы.
Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген «0» түзету коэффициентін ставкаларға қолданған кезде салық базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және салық міндеттемелерін орындау Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
1) және 2) тармақшаларда аталған салық төлеушілер үшін осы қаулының 2-тармағы барлық салықтар бойынша орындалмаған салық міндеттемелері бойынша сыйақы 2020 жылдың 15 тамызына дейін тоқтатылады және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3-тоқсанына ауыстырылады.
2020 жылдың 1 сәуір мен 1 қазан аралығында келесі төлемдер бойынша есептеуден және төлеуден босатылатындар:
төлем көзінен алынатын жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер; әлеуметтік төлемдер; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар.
Төлемдерді төлеу үшін жоғарыда аталған салықтық және әлеуметтік жеңілдіктер шағын және орта бизнес үшін, сонымен қатар ішінара келесі салаларда жұмыс істейтін ірі бизнес субъектілері үшін ұсынылған:
автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау қызметтері; қонақүйлер қызметі, оның ішінде ірі бизнес субъектілері; мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану қызметі, оның ішінде ірі бизнес субъектілері; бағдарламалық қамтамасыздандыру; кинофильмдерді көрсету бойынша қызметі; компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және соған байланысты басқа да қызметтер; басқару және коммерциялық қызмет бойынша кеңестер; санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің қызметі; нотариалдық қызмет; тоқыма бұйымдарын химиялық тазарту; туристік фирмалар мен операторлардың қызметі; жеке ауруханалар мен емханалардың қызметі; жеке медициналық және стоматологиялық тәжірибе; концерт және театр залдарының қызметі; фитнесс-клубтардың қызметтері; санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметі; шаштараз және сұлулық салондарының ұсынатын қызметтері; бөлшек сауда; жеке мектепке дейінгі (бастауыш) білім беру, жеке мектептер.
Сонымен қатар, төмендегі көрсетілген жеке практикамен айналысатын тұлғаларға барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу шарттары бойынша 2020 жылдың 1 маусымына дейін мерзімі ұзартылды:
нотариустар; адвокаттар; жеке сот орындаушылар; медиаторлар.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазан аралығында әуежайлар мүлік салығын төлеуден босатылатынын ескертеміз.
ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 27 наурызындағы №141 қаулысына сәйкес, төмендегі шаралар қабылданды;
2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңде ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату және әкелу кезіндегі айналым 8% мөлшерінде қосылған құн салығының ставкасы белгіленді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:
бірінші сортты бидай ұны; бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді); рожки (өлшеніп салынатын); қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын); тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын); картоп; асханалық сәбіз; басты пияз; қырыққабат; ақ қант – құмшекер; күнбағыс майы; сиыр еті; тауық еті; пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада; майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада; сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ); тауық жұмыртқасы (I санатты); аc тұзы («Экстра»-дан басқа); сүзбе: майлылығы 5-9%.
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында акцизделетін тауарларды өндірушілер экспортқа сатылатын бензинге (авиацияны қоспағанда) акциздерден босатылды.
2020 жылға дейін туризм, тамақтандыру және қонақ үй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы ставкаларына «0» коэффициенті белгіленді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро, шағын немесе орта кәсіпорындарға жіктелген салық төлеушілер үшін:
– барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеуді 2020 жылдың 1 маусымына дейін кешіктіруді қамтамасыз ету;
– тәуекелі жоғары дәрежедегі салық төлеушілерді қоспағанда, уақтылы орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын және салықтық, кедендік қарыздың, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін қолдану бойынша шаралар қабылдауды 2020 жылдың 1 маусымына дейін тоқтата тұру;
– төтенше жағдай кезінде пайда болатын (15-тен бастап) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаларды жіберу мерзімдерін 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзарту;
– мемлекеттік кірістер органдары төтенше жағдайлар кезінде жүргізетін тексерулердің мерзімдерін тоқтата тұру, тек тоқтата тұру мерзімі тексеру кезеңіне кірмейді.
Сонымен бірге, үйден шықпай-ақ 44 қызмет түріне мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болатындығын хабарлаймыз, оның 27-сі салық блогымен, 17-сі кедендік блокпен көрсетіледі.
Барлық аумақтық МКБ-да салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін жұмысшылар санының 70%-ке дейін уақытша қысқаруына байланысты салық төлеушілерге оларды қызықтыратын және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты ұсынатын байланыс жұмыс топтары құрылды. Топтық байланыс нөмірлері және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінде және Жамбыл облысындағы МКД ресми сайтында көрсетілген. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің CALL-орталығының бірыңғай телефон нөмірі – 1414.
Жамбыл облысы бойынша МКД және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында жұмыс уақыты өзгертілді. Жұмыстың басталуы сағат 9.00-де, аяқталуы сағат 17.30-да. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін.
Жамбыл облысы бойынша МКД-нің сайты: zhmb.kgd.gov.kz
Әлеуметтік Facebook желісінің аккаунты: //.facebook.com/people/
ДГД–Жамбылской–области/100009055232059
Әлеуметтік Twitter желісінің аккаунты //twitter.com/dgdzhambul.
WhatsApp мессенджерлері: 8-708-455-70-69.
Түсіндіру жұмыс басқармасының телефоны: 8/7262/457106.

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.