«Түбіртекті талап ет» акциясы басталды

0

Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 12 мамырдан бастап қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Акцияға кез келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органында қаралады. Фискалдық чегін бермеу бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алып хабарлауға және фискалдық чегін бермеу бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефонға баланс түрінде (1000 теңге) сыйақы алуға болады деп таратылған ақпаратта.
2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 факт расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.
Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарды өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және акцияға белсенді түрде қатысуға шақырады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің
баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.