Жамбыл ауданы тұрғындарының назарына

0

«Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҰОС-на қатысушылардың, ауданға еңбегі сіңген ардагерлердің жеке тектік құжаттарының топтамасы ашылған. Соған байланысты соғыс және еңбек ардагерлерінің туыстарына ардагерлердің өмірбаяндары мен суреттерінің, алған марапаттарының – мақтау қағаздары, алғыс хаттары, орден-медальдарының көшірмелерін немесе түпнұсқаларын болашақта келешек ұрпаққа тарихи мұра етіп қалдыру үшін аудандық архивке мемлекеттік сақтауға қабылдайтынын хабарлаймыз.

Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві.

Leave A Reply

Your email address will not be published.