Тылда шыңдалған ардагер

0

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу – қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол.
Күні кеше Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов бастаған топ Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Бейсенбек Асқаровтың шаңырағына барып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік медальді кеудесіне тақты. Жастық шағы қан майданмен тұспа-тұс келген Бейсенбек ата сұрапыл соғыс уақытында 7 жасынан соқа айдап, еңбекке ерте араласып, жеңісті жақындатуға үлес қосқан.
Құрметке бөленген тыл ардагері өңір басшылығына ризашылығын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы алда екендігіне сенім білдірді. Бүгінде 85 жастағы қария 12 немере, 25 шөберенің қызығын көріп отыр екен. Соңынан: «Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді», – деген ақсақал «Еліміз тыныш, халқымыз бақытты ғұмыр кешсін» деп батасын берді.

Жәнібек АСАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.