Әскери науқан жауапкершілікті талап етеді

0

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Ғани Алдабергеновтің, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов пен оның орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы Нұрлан Кезембаевтың, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әділет Үсенбаевтың, медициналық комиссия мүшелерінің қатысуымен кеңес отырысын өткізді. Жауапты тұлғалармен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру барысын жан-жақты талқылады. Әскери науқан кезінде жауапты тұлғалардан жоғары жауапкершілік талап етілетінін жеткізді.
– Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Әскерге баратындардың барлығы назардан тыс қалмауы қажет. Аудан азаматтары ұлтына қарамай Қазақстан әскерінің қатарын толықтыруға міндетті. Отанды қорғау – ортақ іс. Әскерге бармас бұрын тексеруге шақырылған жігіттердің денсаулығына дәрігерлер, яғни, сіздер баса көңіл бөлулеріңіз керек. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың медициналық комиссиядан сапалы әрі мерзімінде өтуін қамтамасыз етіңіздер. Медициналық комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жетіспейтін медициналық құрал-жабдықтарды анықтап, ұсыныс беріңіздер. Әскерге шақыру науқанына бәріміз жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жоспар да, тапсырма да тиісті деңгейде орындалуы тиіс. Осыны қаперге алыңыздар, – деді Үміткен Қапанқызы басқосу барысында.
Отырыстан кейін Үміткен Қапанқызы кеңес қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдерімен онлайн режимде жиналыс өткізіп, мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндіріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Әскерге барғысы келетін ер азаматтардың саны соңғы кезде көбейген. Мерзімді әскерге шақыру кезінде жігіттердің денсаулық жағдайына, білім деңгейі мен моральдық-психологиялық әлеуетіне көңіл аударылады. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру тамыз айына дейін жалғаспақ.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.