Билік пен халық арасы жақындай түсті

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – ел азаматтарының барлық сұраныстарына шұғыл және конструктивті түрде жауап қататын, мемлекеттілікті тиімді дамытудың формуласы. Жолдаудың мазмұны Президенттің елде болып жатқан үдерістерден толыққанды хабардар екендігін көрсетіп қана қоймай, оларды шешу жолында нақты жоспарларының бар екендігін айғақтады.
Президент халық үніне құлақ асатын мемлекет үлгісін одан әрі жалғастырып, қоғамда қордаланған мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Кеңес жұмысының нәтижелі болатынына билік те, халық та сеніммен қарап отыр. Өйткені қоғамдағы қордаланған мәселені осы Кеңесте жан-жақты қарастырып, ортақ шешім қабылдап, мемлекетімізді әрі қарай дамытуға барлығымыз да мүдделіміз. Кеңес мүшелері халықтың ұсыныстары мен өтініштерін жинап, соның негізінде мемлекеттік органдар жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысы билік пен халық арасын одан әрі жақындатуға қатысты нақты ұсыныстар жасап, оны жаңа деңгейге шығаруда. Жалпы, елімізде билік пен қоғамның арасындағы байланысты одан әрі дамытуға алғышарттар қалыптасқан. Ендігі мақсат – сол жұмыс істеп тұрған жүйені жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мейлінше тиімді ету.
Мемлекеттік органдар өз қызметін сапалы және шұғыл орындауға бейімделуі тиіс, ал еліміздің азаматтары, әсіресе шалғайда, ауылдық жерде тұратындар өздеріне қажетті қызмет түрлері мен өтініштерін мемлекеттік органдарға жылдам жеткізіп, тұшымды жауап алулары қажет. Біз тек сол кезде ғана халық үніне құлақ астын мемлекет тұжырымдамасын толық іске асыра алдық деп айта аламыз.

Абилаш ЖАПАРҚҰЛОВА,
Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.