Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

0

2020 жылдың 15-31 мамыр аралығында Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік ғимарат» номинациялары бойынша байқау жарияланады.

1. Байқау материалдарын Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48 мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Байланыс телефондары: 45-12-16, 45-38-91
Е-mail: ovp_taraz@zhambyl.gov.kz

Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше»,
«Үздік ғимарат» номинациялары бойынша байқау өткізу туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже
1. Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік ғимарат» номинациялары бойынша байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген байқау жұмыстар талаптарын, бағалау өлшемдерін, байқауды өткізу тәртібін, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.
2. Аталған ереженің мақсаты – Тараз қаласын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және қала халқын толық жұмылдыру.

Байқау мақсаттары мен міндеттері

— Қала тұрғындары арасында еңбек және тазалық мәдениетін қалыптастыру;
— Тұрғындарды үйлерінің, аулаларының және көшелерінің аумағын аббаттандыру іс-шараларына тарту;
— Тұрғындардың мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланыста жұмыс жасауына ықпал ету, белсенді азаматтардың бастамаларын қолдау;
— «Туған жер» жобасы аясында қаланы көркейтуге меценаттарды тарту;
— Көшелер мен аулалар аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту;
— Аумақты санитарлық тазарту;
— Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастауға рұқсат етілмеген алаңдарды жою;
— Тал–дарақтар мен гүлзарларды қырқу және егу;
— Шағын архитектуралық формадағы қоқыс жәшіктерін және орындықтарды сырлау.

Байқаудың ұйымдастырушысы

1. «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Байқауды өткізу орны

1. Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48.

Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

1. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу және нәтижелерін жариялау мақсатында, Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік ғимарат» номинациялары бойынша ұйымдастыру жөніндегі Комиссиясы бекітіледі (әрі қарай — Комиссия).
2. Комиссия жұмысының басты нысаны отырыс болып табылады. Комиссия жұмысының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына тәуелсіз бақылаушылардың, яғни Комиссия отырыстарына Тараз қаласы мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партияның өкілдеріне қатысу рұқсат етіледі.
3. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
— байқау комиссиясы конкурстық өтінімдерді қабылдайды және тіркейді;
— осы Ережеде белгіленген өлшемдерге сәйкес, келіп түскен өтінімдерді бағалайды;
— бұқаралық ақпарат құралдарында байқаудың жариялануын ұйымдастырады;
— байқау жеңімпаздарын анықтайды;
— байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.
— байқауды өткізуге байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Байқау шешімі ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен қабылданады.
5. Комиссия мүшелері:
— байқау ұсыныстарын талқылауға, қарастыруға және салыстыруға қатысады, сондай-ақ байқау жеңімпазын анықтау туралы шешім қабылдайды;
— байқауға ұсынылған барлық мәліметтермен танысуға және оның жұмысы міндеттері мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқылы;
— байқау ұсыныстарын объективті түрде қарастыруға міндетті.

Жеңімпаздарды ынталандыру

1. Байқау жеңімпаздары қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау материалдарын ұсыну түрі мен мерзімі

1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
2. Байқауды өткізу мерзімі: 2020 жылдың 15-31 мамыры аралығы.
3. Байқау материалдарын Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48,мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Байланыс телефондары: 45-12-16, 45-38-91
Е-mail: ovp_taraz@zhambyl.gov.kz

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар

1. Байқауға қаланың 11 аумағы толық қатыса алады.
2. Байқау Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік ғимарат» номинациялары бойынша өткізіледі.
3. Байқауға қатысушыларды бағалау 5 баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.
4. «Үздік аумақ» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
— аумақтың тазалығы мен абаттандырылуы, арық жүйелерінің жай — күйі;
— тал–дарақтары мен гүлзарлардың қырқылуы және егілуі;
— жолдар мен аялдамалардың жағдайы, аумақтың түнгі жарықпен және жаяу жүргіншілер өткелімен қамтамасыз етілуі;
— аумақтағы спорт және балалар ойын алаңшаларының жағдайы;
— аумақтағы ғимараттардың қасбеті, заңсыз жарнамалардан тазартылуы;
— аумақтағы қылмыс деңгейі;
— белгіленбеген орындардарда сауданың болмауы;
— аумақты көркейтуге меценаттардың тартылуы.
5. «Үздік аула» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
— ауланың тазалығы мен абаттандырылуы;
— тал–дарақтары мен гүлзарлардың қырқылуы және егілуі;
— ауланың түнгі жарықпен қамтылуы;
— ауладағы спорт және балалар ойын алаңшасының жағдайы;
— ауладағы қылмыс деңгейі;
— ауланы көркейтуге меценаттардың тартылуы.
6. «Үздік көше» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
— көшенің тазалығы мен абаттандырылуы, арық жүйесінің жай-күйі;
— тал–дарақтары мен гүлзарлардың қырқылуы және егілуі;
— белгіленбеген орындардарда сауданың болмауы;
— көшенің жолдары мен аялдамаларының жағдайы және түнгі жарықпен қамтылуы;
— ғимараттардың қасбеті, заңсыз жарнамалардан тазартылуы;
— көшедегі қылмыс деңгейі;
— көшені көркейтуге меценаттардың тартылуы.
7. «Үздік ғимарат» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
— ғимараттың қасбеті, заңсыз жарнамалардан тазартылуы;
— ғимарат ауласының тазалығы мен абаттандырылуы;
— ғимараттың түнгі жарықпен қамтамасыз етілуі.
8. Тараз қаласында «Үздік аумақ», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік ғимарат» номинациялары бойынша қатысушылар тиісті номинацияға сәйкес, аумақтың, ауланың, көшенің немесе ғимараттың:
— орналасқан жері мен фото және бейне;
— жалпы экономикалық жағдай;
— әлеуметтік–мәдени даму процесі:
— этностық ұйысу деңгейі мен құрамы;
— тіркелген қылмыстық фактілер;
— ардагерлер;
— зиялы қауым;
— саяси элиталар;
— экономикалық элиталар;
— мәдениет саласындағы элиталар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.