12 отбасына көмектесті

0

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушылары 12 отбасыға азық-түлік алып беріп, көмек көрсетті.

Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген еліміздегі төтенше жағдай кезінде аталған мекеме қызметкерлері қаражат жинап, сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ науқас жандар мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тұрмысқа ең қажетті деген азық-түліктер жеткізді.

— Рамазан айында мекеменің режим бөлімінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушыларының ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы қолға алынды. Тұрмыстық жағдайы төмен 12 көп балалы жанұяға бірінші кезекте қажетті азық-түлік жеткізіп берілді. Мақсатымыз – шарапаты мен рақымы мол Рамазан айында болашағымыз өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлау, еліміздегі қиын-қыстау кезеңді бәріміз бірге еңсеру. Себебі, біз біргеміз!, — дейді бақылаушылар.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.