Е. Жылқыбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды.

Облыс әкімінің орынбасарына аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ең әуелі Ақтоғай орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды.
Көптеген жылдар бойы күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген мектепте жұмыс қызуда.
Мұнда жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысшылар тартылған. Жұмысшылармен танысып, олардың хал-ақуалдарын сұраған Е.Жылқыбаев оқу уақыты басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Содан соң жол-жөнекей Жаңатас қаласындағы «Ұстаздар аллеясы» құрылысын көріп, Жаңатас қаласы, аудандық орталық ауруханының жұқпалы аурулар бөліміне атбасын бұрды. Ондағы күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жатқан мердігермен жолығып, тиісті тапсырмалар берді.
Ағымдық жөндеу жұмысын қажет ететін аудандық орталық ауруханының аумағында бос тұрған 5 қабатты ғимаратты, Саудакент ауылдық емханасын көріп, басты байлық денсаулық екенін еске түсіріп, ауданда тұрғындардың жағдайын жан-жақты бақылау және медициналық қызмет сапасын көтеру мақсатында материалдық жағынан қамтамасыз ету жағы да басты назарға алынсын деді.
Сонымен қатар ауруханаларды аралау барысында біршама кемшіліктердің барлығын, алдағы уақытта кемшіліктердің орынын толтыруды айтқан облыс әкімінің орынбасары аудандық орталық ауруханының бас дәрігері Б.Бегмановаға қатаң ескертті.
Ал, Жаңатас қаласы, 2 мөлтек ауданы №24,26 тұрғын үйлерді қайта жаңарту жұмыстарымен танысу барысында «біршама тұрғын баспанамен қамтылатын болған екен ау»- деп қуанышын жасырмады.
Басты мақсат санда емес сапада екенін қайталай айтқан Е.Жылқыбаев жұмыспен қамту орталығына соғып, ондағы мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.
Бағдарламаларды тиімді, халыққа жеткілікті пайдалану бұл кедейшілік шегін азайту, аз пайызды несиелер алу арқылы тұрмысты жөндеу.
Сондықтан әрбір тұрғынға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен оның шарттары қолжетімді болуы керек.
Мамандар біліктілігін көрсетіп, келген халықпен мәдениетті тілдесіп, қажетті сұрақтарына толыққанды жауаптар бере білуі керек деген секілді көптеген қажетті ақпараттармен бөлісті.
Бүгінгі таңда тек мемлекет маған не береді демей, мен елім үшін не жасай аламын. Қандай көмегім тиіп, халқым үшін кірпіш қалай аламын ба деген санада өмір сүруіміз керек.
Сол үшін тек бір реттік немесе өкімет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмектерге қол жайып қана отырмай, тиімді несиелер мен қайтарымсыз несиелерді жүйелі пайдаланып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар мен азаматшалар да бар.
Солардың бірі Жаңатас қаласы «Шапағат» сауда орталығындағы қайтарымсыз грант алған (көп балалы ана) А.Исентаеваның тігін цехі.
Облыс басшысының орынбасары аталмыш цехта болып, көпбалалы ананың атқарып отырған жұмысына алғысын білдірді. Осындай азаматшалар көп болып, отбасына да елге де өнеге болса, өкімет тарапынан да көптеген қолдаулар болатынын жеткізді.
Ал, Жаңатас көпсалалы колледжіндегі қашықтықтан оқу процесін Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Н.Түйтебаева таныстырып шықты. Колледж білімгерлерінің дипломдық жұмыстарын көрсетіп, түлектердің қайда тәжірибеден өтетінін мен жұмысқа орналасу деңгейіне тоқталды.
Іссапар барысында Жаңатас қаласындағы «KMF» қаржы ұйымының, аудандық мәдениет үйіндегі «жедел штаб», ішкі саясат, «адалдық алаңы», рухани жаңғыру жобалық офистерінің жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады.
Саудакент ауылы, «Ақбота» бөбекжай-бақшасын күрделу жөндеу жұмыстарымен танысты.
Маятас ауылындағы Д.Сенбин, Жаңаталаптағы орта мектептерінің бүгінгі ахуалымен және Ұйым ауылындағы №11 Сарысу колледжіндегі қашықтықтан оқу процестерін өз көзімен көрді.
Білім мен денсаулық салаларын араларуда облыс әкімінің орынбасары біршама олқылықтардың байқалғанын айтты.
Саудакент ауылындағы Сұлтанғазиев көшесі 11 үй, қайтарымсыз грант алған Б.Кеңесбекованың кондитерлік өнімімдер шығару цехіна, Ұйым ауылы Ғ.Мұратбаев көшесі 4 «А» үйі, қайтарымсыз грант алған Қ.Жақсылықовтың құс (тауық) өсіру істерін көрген Е.Жылқыбаев осындай игі істерді көбейтуді, өнегелі де берері мол іске қолдау көптігін тағы да тілге тиек етті.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.