Таразда тағы бір подъезд карантиннен шықты

0

Ағымдағы жылдың ​ 10 сәуір күні Тараз қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен ​ «Аса» мөлтекауданындағы №31 үйдің 1-ші кіреберісі (1-10 пәтерлері) ерекше шаруашылық және өзгеде қызметпен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар 14 күндік шектеу тәртібі енгізіліп, 31 тұрғыны үй жағдайында оқшауланып, медициналық қызметкерлердің жіті бақылауында болды.

Тараз қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан тұрғындардың кіріп шығуына тиым салынып, бақылау күшейтілді.

Карантинге жабылған уакыттан бастап тұрғын үйге кіреберіске (күніне 2 мезгіл), ​ тұрғын үй маңындағы аулаларда, балалар ойын алаңшаларда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстарының тұрақты жүргізілуіне байланысты өзге де жұқтыру деректерінің алды алынды.

Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен еріктілердің атсалысуымен карантинге жабылған тұрғындар азык-түліктермен ​ қамтамасыз етілді.

24 сәуір күні түнгі сағат 00.00-де ​ жоғарыда аталған мекен-жайдағы көпқабатты тұрғын үйдің​ 1-ші кіреберісіне енгізілген барлық шектеулер алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.