Алар асуымыз алда

0

Ш.Акимов- Мойынқұм аудынының «Құрметті азаматы»

Ел Президенті Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзін тыңдап, әлеуметтік желі аркылы танысып шықтым! Ең қуанарлық жай, 11-мамырдан бастап Төтенше жағдай режимінің тоқтайтындығы екені даусыз. Сонымен бірге, елімізде әлі де пандемия қаупінің сейілмеуіне байланысты карантин режимінің сақталатынын естіп, білдік. Дегенмен, көптеген кәсіпорындар мен халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс бастайтындығы көңілге қуаныш силағанын жасыра алмаймыз. Ел басшысы өзінің сөзінде, уақытша жұмысынан айырылған және ел тұрғындарының әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал топтарына көрсетіліп жатқан көмек жөнінде толық мәлімет берді. Қ.Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне берілетін жеңілдіктерді де егжей — тегжейлі саралап, алдағы кезде, бұл шаралар өз жемісін беретіндігіне кәміл сенім білдірді. Ендеше, еліміздің экономикасының қарыштап дамып, өсіп — өркендеуіне толықтай мүмкіндік бар екеніне еш күмандануға болмайды. Ел Президентінің сөзінен шығатын корытынды — бірлігі жараскан қазақ елінің жарқын күндерін көретін кез де алыс емес дегім келеді, ардақты ағайын!!!

Leave A Reply

Your email address will not be published.