Алдағы жарқын жобалар жайында айтты

0

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында жасалған жұмыстар мен алдағы жарқын жобалар жайында айтты. Жұмыстарды жетілдіру бойынша 7 бағытта ірі істер, ізгі жобалардың жоспарын бекітті.

✅Төтенше жағдай тоқтатылғанымен, толықтай шектеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Арқаны кеңге салуға болмайды! Карантин кезінде халыққа жәрдем жасау жұмыстары барынша белсенді атқарылды. Әлі де жалғасып жатыр. Мәсәлен, 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде. 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілуде.

✅ Коммуналдық төлемдердің халықтың қалтасына салмақ салмауы негізгі назарға алдынды. Яғни тарифтер төмендетілді. Төлем жағынан аса мұқтаж жандар қосымша көмек алады. 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді.

✅ Кәсіпорындарға көмек пен жеңілдіктер жасалды. 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды.

✅ Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды. Енді төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады, — деді Президент.

✅ Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады,- деді.

✍️Басымдық берілген бағыттар бойынша тоқталар болсам:
1. Қазақстандық экономика өз-өзін қамтамасыз ету қабылетін анағұрлым арттырмақ. Ол үшін барлық бағыттағы шикізат көзін игеріп, оны өндірісте өңдеу жұмыстары жүзеге асыруға күш салынады. Инфрақұрылымдық бағдарламалар бойынша қазіргі деңгейін локализациялау үшін 40 пайыздан 60-70 пайызға көтеру көзделген. «Қазақстанда 1 миллион 700 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылықтар бар. Алайда, олардың өнімдері сауда нүктелері арқылы ресми сатылмайды және қайта өңдеу кәсіпорындарына бармайды. Мемлекет олардан салық алмайды, мұндай шаруашылықтарда жұмыс істейтіндер іс жүзінде әлеуметтік қорғалмайды. Мен Үкіметке «Атамекен» -мен бірлесіп ауылдарда «шикізаттан өнім алуға дейінгі» даму бойынша пилоттық жобаны іске қосуды тапсырамын» –деді Президент.
Тұрақты сатып алу және маркетинг жүйесін құру, оқытуды бастау және қатысушылардың агро құзыреттілігін артпақ. Мұның бәрі 2 миллионға жуық ауыл тұрғындарының табысын арттырады, отандық ауылшаруашылық кәсіпорындарының жүктемесін 53-тен 70% -ға арттырады және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің импортын азайтады.
2. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөліп отыр. Қомақты қаражатты шағын бизнесті несиелеуге де пайдалануға болады.

3. Қол жетімді баспана салу экономикалық дамуға, жұмыспен қамтудың өсуіне және әлеуметтік қолдаудың қуатты сүйемелдеушісі болмақ. Елбасы бастаған 7-20-25 бағдарламасы ипотекалық несиелендіруге және тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді. Президентіміз үй кезегі мәселелерін шешу үшін, несиелік баспана беру бойынша «5-10-20» жаңа жобасын іске қосуды тапсырды. Осы мақсаттарға дағдарысқа қарсы қаржы аясында біз 390 миллиард теңге бөлінеді. Биыл елде рекордтық құрылыс көлемі жоспарланған — 15 миллион шаршы метр. метр, немесе 150 мың пәтер мен үйлер салынады. Ол үшін Үкімет жыл соңына дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде тұрғын үйді орталықтандырып есепке алатын, оңтайластыратын және тарататын толыққанды даму және қолдау мекемесі – «Отбасы банкін» құрмақ.

4. Қ.Ж.Тоқаев: Мен әлеуметтік әділеттілік үшін жалақы мен басқа да кірістерге жеке табыс салығы бойынша үдемелі шкаланы енгізу мәселесін пысықтайтын уақыт келді деп санаймын. Ол үшін жалақысы төмен азаматтар салықты аз, ал жоғары жалақы алатын жұмысшылар үшін төленетін салық мөлшері артады.
5. Ұлттық бизнесті қолдау. Бұл бағытта — «ДАМУ» Қорымен кепілдендіруге кең серпін беріледі. «Бизнеске байланысты сұраныстың төмендеуі, активтердің азаюы, кепілдікке қоятын құралдардың құны төмендеген жағдайда «Даму» қорының кепілдік беруін пайдалану өте маңызды» екенін айтты. Өндіріске бағытталған әртараптандырылған экономика құру біздің басты басымдықтарымыз болып қала береді. Осы сектордағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін Қазақстанның Даму Банкінің қосымша қаржыландырылуы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Индустриялық даму қорын құруға болады деді. Оның жұмысы алдыңғы қатарлы өндірістік кәсіпорындарға 3% -дан аспайтын мөлшерде қол жетімді несие беруге бағытталған.
6. Қазіргі қиын жағдайда инвесторлардың, бизнестің ұлттық валюта мен ақша-кредит саясатына деген сенімі шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты ұлттық валютаға алыпсатарлық шабуылды азайту өте маңызды. Бұл Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігінің міндеті екенін тапсырды
7. «Біз барлық елдерде болып жатқандай бүкіл кәсіпорындар мен жұмыс орындарын сақтап, тұрақтылығын қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан, төтенше жағдайдың енгізілуі экономика салалары үшін форс-мажорлық жағдай деп танылмақ. Яғни, бұл жағдайда жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдері сотқа жүгінген кезде төтенше жағдай ескерілуі керек. Бұл қиын кезеңде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін қолдау, жеке меншік пен бәсекелестікті қорғау маңызды. Сондай-ақ, өсімқорлық жолмен пайызы жоғары несие берушілерге жол бермеу үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық туралы іс жүргізуді осы жылдың 1 қазанына дейін тоқтата тұруды тапсырды Қ. Ж. Тоқаев.

Балабек Нарбаев, «Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары 

Leave A Reply

Your email address will not be published.