Әлі босаңсуға болмайды

0

Президент пәрменімен төтенше жағдай алынды. Карантин әр аумақтағы ерекшелікке сай рет-ретімен тоқтатылады. Өте маңызды шешім. Мемлекет басшысының дер кезінде шұғыл шешім қабылдауы қауіпті сейілткені рас. Дегенмен бір сәт босаңсуға болмайды.

«Ең бастысы, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау» деп айтқанындай, әлі де қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікке шақыруы — барлық отандастарымыздың қамы үшін, амандығы үшін. Денсаулығы мықты адам — қалыпты өмір салтына да тез оралып, жұмыс қарқынына ілесіп кетеді деп ойлаймын.

«Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады». Рас, бастапқыдан гөрі жағдай реттеліп келе жатыр. Карантиндік шектеуге бағыну — басқалар үшін емес, ең бірінші өзіміз үшін маңызды, бұл да бір адамгершілік құндылық болып тұр қазіргі уақытта.

«Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті». Осыны қатаң есте ұстап, бетперде тағып, антисептик жағып, топтаспай, тәртіпке бағынып жүру — кез келген адамның қолынан келетін жауапкершілік. Қатты қиындатып, күрделендіріп алатын көбіне өзіміз.

Қ.Сейтбаев, ТИГУ кафедра меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.