Бүгінгі сынақ – келешек дамуымыздың бастауы

0

Бүгінде әлеуметтік желінің дамыған заманы. Елдегі жақсылы-жаманды жаңалықтарды сол желілер арқылы оқып та, көріп те үйренген қалыпқа түскенбіз. ҚР Президентінің ресми сайтынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенще жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысындағы мәлімдемесін оқыдым.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына кері әсер еткен пандемияның салдары бізді көп нәрседен шектегенін айтты. Дегенмен бұл нәубетке қарсы тұруға және экономикамызды қайта қалпына келтіру үшін бірнеше мәселелерді шешуге тиіс басымдықтарды атады.
Ең бастысы, жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру, азаматтардың өмірі мен денсаулығының маңыздылығы, бизнесті қолдау және оны дамыту, білім мен ғылым жүйесін жетілдіру, қолданыстағы қуатты шикізат өндірісін жандандыру мәселелерінің өзектілігі баса айтылды.
Сонымен қатар мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңарту жұмыстары жүргізілуі тиіс екенін айтқан Мемлекет басшысы қолға алынған жобалардың тиімділігіне талдау жасалатынын тілге тиек етті.
Мынадай дағдарыс кезеңінде халыққа баспананың қолжетімділігін қарастыру жөнінде тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Сол сияқты Президент азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған басқа да шараларды жүзеге асыру үшін экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жақанын жеткізді.
Жалпы, бүгінгі сынақты ертеңгі болмыстық түлеуіміздің бастауы, дамымыздың алғышарты деп қарауымыз керек. Сондықтан Мемлекет басшысының айтқанына қолдау білдіріп, игі істерге өз үлесімізді қосуға шақырамы.

Нұрлан Несіпбеков,
Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.