Сақтансаң – сақтайды

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында жасаған мәлімдемесінде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екенін атап өтті. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын айтты. Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге басымдық берілетіні белгілі болды.
Еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, ірі қалалар мен өңірлерде карантин жалғасады. Бұған қауіпті індеттің толығымен жойылып кетпеуі себеп. Өкінішке орай, қауіпті індет толығымен жойылған жоқ. Әлі де халықтың денсаулығына қауіп төндіріп тұр.
Расында, соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Өз кезегінде Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Ел азаматтарының денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін қажетті қаражатты бөлді. Шұғыл шаралар қабылдап, тиісті жұмыстарды жүргізді. Көмекке мұқтаж жандарға, жұмыссыз азаматтарға, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлем төленді. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет өз азаматтарына қолдау білдіріп, ешкімді көмексіз қалдырмады.
Шынтуайтында, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң сақтауымыз қажет. Өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауаптымыз. Аман-есен жүруіміз өзімізге байланысты. Карантиндік шектеулер өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай алынатынын түсінгеніміз жөн.

Рүстем Бегалиев,
Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.