Көпбалалы анаға азық-түлік жеткізіп берді

0

Биыл қасиетті ай әлемдік пандемия мен соған байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға тұспа-тұс келгеннен кейін қайырымдылық шаралары екі есе көбейе түскені анық. «Біз біргеміз» акциясы аясында қиын қыстау кезеңде уақытша жұмыссыз қалып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсету бастамасы да қолға алынды.
Бұл игі іс-шарадан Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ететін қызметкерлерде қалыс қалған жоқ. ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері қаражат жинап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмыссыз қалған, мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға мекеме ұжымы атынан азық-түліктер тапсырды.
— «Біз қаншама баланы асырап отырған қайсар анаға көмек көрсетуден тыс қала алмаймыз. Қазір ол барлық уақытта карантин шарттарын сақтап, бала-шағасымен үй-жайдан шықпай отыр. Сондықтан ҚАЖ қызметкерлері балаларға көңіл-күй сыйлап, олардың иммунитеттерін көтеретін азық-түліктер әкелді. Біздің шағын көмегіміз бүлдіршіндерімізді қуантады және қолдайды деп үміттенемін», — деді мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашева.
Жалпы, аталған мекеме қызметкерлері бұған дейін де көп балалы отбасылар мен ерекше балалары бар отбасыларды да қолдап, қамқорлық көрсетіп келеді.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.