Соғыс ардагерін құттықтады

0

Елімізде жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары күн санап азайып барады. Биыл 99 жасқа толған, қимылы әлі де ширақ жерлесіміз, шығанақтық Сағаш Әбдіров ауданымыздағы Ұлы Отан соғысына қатысушы жалғыз майдангер қарт.
Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев, Шығанақ ауылына арнайы ат басын бұрып, ауданымыздағы көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Сағаш Әбдіровты Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап қайтты. Аудан басшысы Мәден Мұсаев бейбіт өмір үшін отқа түсіп, елі үшін жанын беруге даяр болған кешегі жауынгер, бүгінгі ардагеріміз Сағаш атаның ерен еңбегі ешуақытта ұмытылмайтынын жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының құттықтау хатын оқып беріп, шапан жауып, арнайы сыйлықтарын тарту етті.
Мұнан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков, Шығанақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елжан Оспанқұловтар ардагердің ғұмыр жасының ұзақ болуын тілеп, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Ал 99 жасқа келсе де әлі тың, сергек жүріп көпке қуаныш сыйлап жүрген соғыс ардагері Сағаш Әбдіров өзіне көрсетілген сый құрметке разылығын білдірді әрі әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан аудан басшылығына зор алғыс білдіріп, батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.