Жеңісті жақындатуға үлес қосқан

0

Байгелдиева Дүрдана Шәкібайқызы 1921 жылы Айдарлы ауылында дүниеге келген. Әкесі Шәкібай үлкен молда болған. Балалық шақта ашаршылық көреді. 1941 жылы соғыс басталғанда күйеуі соғысқа алғашқылардың бірі болып аттанып, соғыстан хабарсыз, қайтпай қалады. Соғыс жылдары қара жұмыс істейді. Өзінің айтуынша өгіз арбамен Меркіден трактордың майын жалғыз өзі тасыған екен. Қолғап, шұлық тоқып, ұрыс даласына жіберіп отырған. Соғыс аяқталған соң қайта тұрмыс құрып 8 баланы өмірге әкелді. Бейбіт өмірде бала-шағасының ортасында өмір сүріп 86 жасында 2007 жылы дүниеден озды. Тылда еңбек етіп, жастық шақтарын қиын сәтте өткізген ата-апаларымызға тағзым ету артта қалған ұрпақтарының борышы. Жандары жаннатта болсын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.