Майдангерлер даңқы ұмытылмайды

0

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы елге де, ерге де үлкен сын болды. Кеңес әскерiнiң қатарында бiздiң Республикамыздың бiр миллион 200 мыңнан астам ұлдары мен қыздары соғысты. Осындай сын сағатта кеңес халықтарының туысқандық достығы ерекше көзге түсті.Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейдi. Сол бір каhарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын бiз ерекше ұғына түсудемiз. Мiне бүгін халқымыздың бейбітшілікте, тоқшылықта өмір сүрiп жатқаны, соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерінiң арқасы! 1418 күн мен түнге созылған қан майданда бүгінгі жастардың болашағы мен бақыты үшін тер төккен ата — бабаларымыздың даңқы еш уақытта ұмытылмайды.Соғыстан қайтпаған мыңдаған қазақтың жаны жаннатта болсын! Аудан тұрғындарын Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтаймын, елімізге бейбіт өмір тiлеймiн!

Ерболат Саурықов,

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.