Енді ондай зұламат соғыс болмасын

0

Бұл соғыс 1941 жылы 22 маусым күні басталды. Қазақстаннан 1 360 мың адам шақырылып, олардың 600 мыңы қайтып оралмады. 126 мың қазақ жауынгері соғыста қаза тапты.
500 ден аса Қазақстандықтар, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Жамбыл облысынан 20 жауынгер осындай атаққа ие болды. Солардың қатарында Бауыржан Момышұлы (11.12.1991), Саду Шакиров, Саттар Естемесов, Ақәділ Суханбаев, Аманбай Дәулетбеков, Николай Белашев, Иван Москаленко, Александр Романютин, Евгений Уткин, Никалай Шевелев, Владимир Вишневский, Владимир Савва, Степан Сушев, Федор Кердань, Иван Трубицын, Мамашариф Фаязов және басқалар.
Қазіргі таңда 57 Жамбыл облыстық Ұлы Отан Соғыс ардагерлері арамызда. Оның ішінде Мойынқұмдық Сағаш Әбдіров те бар.
Ардагерлер халқымыздың ерекше қамқорлығына, құрметіне бөленіп жүр.
Биыл олардың әр қайсына 1 млн тенгеден мемлекет қолдау көрсетіп отыр.Мемлекетімізге тек алғыс айтамыз.
Ол зұламат соғыс әрбір жанұяға қайғы қасірет әкелді десек жалған емес.
Мысалы, Менің әкем Қалымбетов Қалыбай бір әке шешеден төрт ағайынды болған. Солардың төртеуіде соғысқа қатысқан. Екеуі сол соғыста хабар – ошарсыз кеткен, ал екеуі жараланып, жарымжан болып елге оралған. Осындай қайғы қасірет әрбір үйде, жанұяда болған.
Ендігі тілегіміз, әрбір Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне денсаулық, тек жақсылық, ұзақ ғұмыр кешсін демекпіз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Жер бетінде енді ондай зұламат соғыс болмасын!

Ж.Қалыбаев,

Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.