Қордайлықтар Мақтаралға 25 тонна азық-түлік жіберді

0

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарына бүгін қордайлықтардан алғашқы көмек керуені жіберілді.
Үлкен жүк көлігіне 25 тонна азық-түлік тиеліп, көршілес облысқа аттандырылды. Сортөбе ауылының тұрғындары қажетті азық түлік, оның ішінде 12 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон, 300 кг тұз, 1000 дана шай, 2000 литр өсімдік майы, 5 тонна картошка және киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар бар.
«Қайырымдылық жасау – қайырлы іс» демекші аудан әкімі Р.Дәулет көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созып, игі іске бірлесе атсалысу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар Рүстем Рысбайұлы қамқорлық қашанда сауапты іс екенін айтып, «Біздің ауданның азматтары да қиын жағдайға тап болған мақтаралдық ағайындарға көмек қолын созғалы отыр, ісіміз қайырын берсін» — деп, көмек көрсетуге атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Гуманитарлық көмек тиелген жүк көлік ертең Мақтаралға жететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.