Бұл күннің орны да, орайы да бөлек

0

Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары
Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек.
Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де, сол бір сұм соғыс салған өшпес із әлі күнге дейін жүрегімізді сыздатады, жанымызды жабырқатады… Қасірет пен қайғысы ел қабырғасын қайыстырып, еңсесін езгілеген бұл соғыс жайлы айтып та, жазып та тауыса алмаспыз.
Егемен елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпейді.

Ұзақ Саурықов,

Мойынқұм ауылының тұрғыны, ардагерлер кеңесі мүшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.