Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі

0

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Мойынқұм ауданынан 3010 азамат соғыс майданына аттанып, 954 жерелесіміз ұрыста қаза тапса, 919 азамат із-түсіз, хабарсыз кетті. Оның ішінен 1169 аталарымыз мен әкелеріміз аман-есен елге оралды. Олардың қатарында Әлкен Жапаров, Кравцов Иван Борисович, Әлмахан Смайлов, Сабыр Ахметов, Смағұл Рахманқұлов, Похаленко Петр, тағы басқа да көптеген бүгінде дүниеден өткен жерлестерімізді атап өтуге болады. Бүгін Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және де ауданымыздағы жалғыз ғана соғыс және еңбек ардагері, шығанақтық Сағаш Әбдіров атамызды шын жүректен мерекелерімен құттықтай отырып, осы қарияларымызға ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бейбітшілік, мықты денсаулық тілеймін!

Рашид МУСТАФАЕВ,

Мойынқұм аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығы, подполковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.