Жамбыл ауданының әкімі С. Арубаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

0

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, аудан жұртшылығы! Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл болды. Бұл күн- сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл біздің халқымыздың, ардагер аталарымыз бен тыл еңбеккерлерінің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс еді. Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ата-апаларымызға бас иіп, әрқашан тағзым етеміз. Қаншама боздақ ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен майдангерлерді ұлықтап, Жеңіс туын желбіреткен жандарды мақтан етуіміз керек.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, аудан жұртшылығы, сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.