Ардагерлер ардақталды

0

Күні бүгін Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында тыл еңбеккерінде қонақта болды. Бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Расул Султанов және №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Сазымбеков Аса ауылының тыл еңбеккері және өрт сөндіру күзетінің ардагері 84 жастағы Нұрғали Назаровты келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен арнайы құттықтап барды. Ардагерге мерекелік сый-сыяпат табыс ете отырып, аудандық ведомство басшысы 9 мамыр – баршамыз үшін ерекше және Ұлы күн екенін атап өтіп, рухтың беріктігі мен күш-жігері үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, күш-қуат және оптимизм тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.