Ардагерлер үміті ақталарына сенім мол

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев ҰОС Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Бұл ардагерлерге жасалған үлкен сыйлық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын ардагерлер арасында талқылап, ұсыныс , пікірлер алдын ала білдіргенбіз. Заңның басты мақсаты -ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғауға қажет ететін санаттарын анықтау және әлеуметтікқолдау шараларын күшейту. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы жәрдем ақы мөлшері тағайындалдып отыр. Жаңа Заңнан ардагерлердің күтері көп,үміттерін ақтайтынына сеніміміз мол. Бүгінде аймакта көзі тірі ардагерлерге Жеңістің 75 жылдығына орай бір млн.теңгеден сыйақы беріліп жатыр. Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтау жене құрметтеу іс-шарасы жалғасуда.

М. Жаманбаев, 

Тараз қаласы ардагерлер кеңесі мүшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.