Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлерге мың тағзым

0

Бүгін «Ардагерлер туралы» Заң қабылданды. Осы заң туралы пікір білдірместен бұрын, біз «Ардагер» деген сұраққа дұрыс жауап іздеуіміз керек. Менің пікірімше, ардагер- құрметті, ардақты, қадірлі адамдар деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген, сондай-ақ жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер болады, Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз,
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысына қатысқандадың саны 997 құрайды, олар мемлекетіміздің барлық өңірлерінде өмір сүріп жатыр. Бұл ардагердің қоғамда лайықты өмір сүруіне, оларды құрметтеуге және әлеуметтік қорғау аясында болу мақсатында мемлекет тарапынан кепіл ретінде осы «Ардагерлер туралы» Заң қабылданып отыр.
ТМД мемлекеттері арасында алғашқы болып Ресей Федерациясы 12.01.1995 жылы «Ардагерлер туралы» федералды Заң қабылдаған болатын. Ал Қазақстан Республикасы Ардагерлерге қатысты 28.04.1995 жылы «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңды қабылдады.
07.12.2002 жылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің пленарлық отырысында «Әскери ардагерлер туралы» Заң үлгісі (модельді) қабылданған болатын. Бұл Заң үлгісі тек қана ұысынымдық сипатта болумен ғана шектеліп қалды, содай-ақ, ол үлгінің құқықтық нормалары тек әскери ардагерлер мен олардың жанұя мүшелеріне ғана таратылып, ардагерлердің басқа да категориялары елеусіз қалып қойды.
Қазіргі қабылданған Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы 18 баптан тұрады. Бұл Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін толығымен айқындап отыр. Сонымен қатар, бұл заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгені және Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратыны айқын көрініп тұр.
«Ардагерлер туралы» Заң «Ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар» деген түсінікті кең ауқымда қамтып, олар (ардагер және басқа да адамдар) туралы дұрыс жіктей білген.
Осы Заңға сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады:
1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) еңбек ардагерлері
Осыған сәйкес, Ардагерлер ұғымы осы жоғарыда көрсетілген төрт категориядан тұрады дегенді білдіреді, Ал енді,«осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар» деген ұғымға келетін болсақ, ол осы Заңның 8-ші бабында орын таба білген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезінде, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде майдандағы армияға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың
және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да
радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысушылардың
Ардагерлер мәртебесі осы Заңға сәйкес айқындалған.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға қатысты әлеуметтік қолдау шараларының нысандары мен ерекшелігі толығымен қамтылған. Сондай-ақ, бұл Заң әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыруды, оларды ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату және осы Заңды қолданысқа егізу тәртібі туралы толық көлемде көрсетілген.
Қорыта айтқанда, «Ардагерлер туралы» Заң Қазақстан Республикасындағы ардагерлердің лайықты өмірлерін, белсенді еңбектерін, құрметтерін қамтамасыз етеді және олардың қоғамдағы әлеуметтік қорғаудың құқықтық кепілдіктерін белгілейді.

Жомарт Тұңғышбаев,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Заң факультеті «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.