Елімізде ардагерлерге құрмет ерекше

0

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын санатының мәртебесі айқындалды. Заңда ардагерлерге қатысты әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
Негізінде, мемлекетіміз әрдайым өз ардагерлеріне қолдау білдіріп келеді. Ардагерлердің еліміздің дамуына қосқан үлесі де сүбелі. Солардың арқасында біз қазір «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүріп жатырмыз. Түптің түбінде – ардагерлердің соғыс майданында төгілген қаны, тылда шелектеп аққан тері, ерен ерлердің елі үшін пида болған жаны жатыр. Олар қашан да еліне адал қызмет етті. Талай нәубет көрсе де, қиындықты да, жауды да жеңіп шықты. Елі үшін болған еңбек те, ерлік те еленетіні анық. Президент ардагерлер үшін жаңа заң қабылдап, олардың мәртебесін көтерді. Әлеуметтік қолдау шараларын күшейтіп, бекітіп берді. Бұл – Президентіміздің ардагерлерге деген құрметі ерекше екенін аңғартады. Мемлекет басшысының ардагерлерге деген қамқорлығының айқын көрінісі десе де болады.
Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлерімізді қалай құрметтесек те жарасады.

Бақыт Сырлыбаев,
Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.