Ардагерлерін ардақтаған ел азбайды

0

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты айқындалды. Оның ішінде бір санаты еңбек ардагерлеріне қатысты болды. Ауған ардагерлері де назардан тыс қалмады. Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлердің атап көрсетілуі, яғни ауған ардагерлерінің ескерілуі көңіліме қонымды болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан, еңбекке араласқан тұлғалардың еңбек ардагерлері ретінде жеңілдіктерге ие болатыны, Ауған ардагерлері үшін бұрынғыдай барлық жеңілдік сақталатыны көңілге қуаныш ұялатты.
Ардагерлердің елі алдындағы еңбегін елеп-ескеріп, жаңа заң қабылдағаны Президенттің бізге деген қамқорлығын көрсетеді. Өзім ел азаматы ретінде Президенттің ұстанған саясатын толық қолдаймын. Ауған соғысының ардагері ретінде Мемлекет басшысының бізге деген қамқорлығын сезініп отырмын.
Ия, ардагерлерін ардақтаған ел азбайды, тозбайды. Ерен ерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Бүгінгі ұрпақ ардагерлерге құрметпен қарауы қажет. Себебі, бүгінгі ардагерлер, бұрынғы – елі үшін соғыс, еңбек майданында соғысып, тылда еңбек еткен арда азаматтар.

Рахым Жапаров,

Аса ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.