Парасатты парызымыз

0

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиевтің бастамасымен «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері майдангер, ғасыр жасаған Сихымбай Мамыровтың, Ибрагим Мусаевтың және  Дмитрий Серебряковтың үйінде болып қайтты.

Аудан депутаттары жерлес майдангерлерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат тарту етті. Өз кезегінде соғыс ардагерлері және оның туыстары көңіл бөліп келгендеріне зор ризашылықтарын білдіріп, ақжарма тілектерін арнады.

-Біздің парасатты парызымыз ерлер ерлігін үлгі етіп, мәңгі тағзым ету. Өсіп келе жатқан жас буын Отан үшін от кешкен батырларымызды естен шығармауы қажет, — деп атап өтті Ержан Өмірәлиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.