Отанды сүю — ортақ парыз

0

«Орағың өткір болса,

Қарың талмайды.

Отаның берік болса,

Жауың алмайды» деген ғой дана халқымыз. Әрине, бұл өсиет елін, жерін сүйетін әрбір азаматқа қарата айтылғандай. Сондықтан Отанының тыныштығын күзету, оны қорғау – ер азаматқа парыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазіргі уақытта болып жатқан күрделі жағдайға сабырмен қарасақ, қиын күндеріміз артта қалар. Осы орайда еліне адал қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлерді, оның ішінде бірге қызметтес болған, қазір Әуе қорғаныс күштері құрылымының бөлімше командирі, майор Жәдігер Ерсін Ержанұлын Отан қорғаушылар күнімен құттықтағым келеді. Бөлімше сарбаздары қазіргі уақытта барлық аймақта, блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілікпен жұмыстарына адалдық танытып жүр. Әсіресе, олар тазалыққа аса мән беріп, әрбір тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауда.

Менің мұндағы айтпағым, алға қойған мақсатқа жете білу де ерлік. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел болып кез келген қиындықты бірге еңсеретініміз сөзсіз. Бейбіт күніміз мәңгі жасай берсін! Мен өз елімді әрқашан мақтан тұтамын.

Ақбота Құрманбекқызы,

әскери зейнеткер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.