Онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

0

Әлем халықтарына төнген қатерлі індеттің елімізде дендеуіне жол бермеу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізген болатын. Осы орайда Жамбыл облысы бойынша қызметтік атқару жүйесі департаментінің Жамбыл аудандық пробация қызметі бөлімі есепте тұрған азаматтармен әкімшілік-қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, тиісті бақылау жұмыстарын жүзеге асыру бағытында қашықтықтан түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар сананы сарсаңға салған аурудан сақтану үшін гигиеналық тазалыққа назар аудару, қолды жиі жуып тұру қажет екендігі айтылып, ақпараттандырылды.

Аудандық сот жүйесінде де өзгерістер баршылық. Енді сотталушылар мен сотталғанға дейінгі азаматтардың ісі қашықтықтан жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан шаралар азаматтарға оң ықпалын тигізуде.

Бұдан бөлек, аудандық полиция қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты елді мекендерде қойылған блок-посттардың басы-қасында жүр. Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін бей-берекет барыс-келіс пен жүріс-тұрысты уақытша тоқтату.

Айжан Көшкінбай,

Жамбыл аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.