Әрдайым халықпен бірге

0

Мемлекетіміз індеттің алғашқы тарала бастаған кезінен оны жіті бақылап, әлем елдерінің бұл дертіне қарсы ұстанған саясаттарын саралап, бүгінде оның ел ішінде кең түрде таралып кетпеуі үшін нақты шаралар жүргізуде. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыда халыққа жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше халыққа тағы да мәлімдеме жасады. Онда Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде азаматтарымызға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасын жариялағанын айтты.

Осындай қиын кезеңде елімізге қамқорлық аз жасалған жоқ. Әлі де көмек көрсетілуде. Әр адамның өміріне алаңдаған Президент вирустың алдын алуға және оған шалдықпау үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертті. Бізге санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтап қана қоймай, оны насихаттау да маңызды екенін ұмытпайық. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін екенін айтқан Президентіміздің әрбір сөзін қаперге алып, індеттің таралмауына біркісідей атсалысайық.

Идрис ЮНУСОВ,

«Вынхуа» дүнген мәдени орталығының жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.