Мемлекет жұрттың жағдайынан хабардар

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сананы сарсаңға салған індетке байланысты кезекті мәлімдемесін жасап, онда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтты.

Осы орайда Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінетінін, жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілетінін, көктемгі егіс науқанының жандануына еш кедергі болмауы керек екенін, компания мен жеке кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер жасалатынын баса айтып, баршамызға серпін берді. Мемлекет халықтың жағдайынан хабардар. Ал, осындай шақта сабырлылық танытып, карантин талаптарынан таймай, бірлігімізді көрсетуіміз қажет. Алғашқы сыннан сүрінбедік, келесіде де осылай жалғаса берсе, еркіндіктің ауылына жақындаймыз. Біз – бағзы заманнан біртұтас елміз. Біз әрқашан біргеміз!

Өмірбек Ботаев,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.