Үлес қосуға шақырамын

0

Ел Президентінің кезекті мәлімдемесін ынта-ықыласпен оқып шықтым. Әлемді әлекке салған індет әр отбасына тізесін батырып отыр. Дегенмен, наркескен намысы талай сыннан сүрінбеген еліміз бұл қиындықты да жеңетініне кәміл сенемін. Дүрбелең уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде Төтенше жағдай режимін жариялап, шектеулі ережелерді бекітті. Бастапқыда бұл шектеулер халық арасында сынға түскен. Бірақ, бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар Қазақстанның іс-қимылын оң бағалап отыр. Өйткені, елімізде жұқпалы дерттен емделіп шыққандардың саны көңілге жылу ұялатады. Бұл қараша халықтың төзімділігі мен ауызбіршілігінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Бұл дерт те тыйылар, ендігі жерде мемлекет қабылдаған сақтық шараларына үлес қосуға шақырамын.

Нұрлан Несіпбеков,

Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.