Карантин кедергі келтірмеді

0

Төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтарының көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында карантиндік аймақта қойылған блок-посттардан кедергісіз өтуі үшін қожалықтардың өтініштеріне сәйкес құжаттары дайындалып, «Сергек» электрондық базасына енгізілді, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына тізімдер жолданды. Қазіргі уақытта «qoldau.kz» порталы арқылы әр қожалықтың жерін электронды картаға енгізіп, аталмыш базаға қожалық басшыларының атынан электронды өтініш тастау арқылы рұқсатнама алуға тіркелді.

Көктемгі егіске қажетті тұқым және көшетті қайдан алу керек екендігін нұсқайтын және қожалықтарға төрт түлік малын сатуға көмек ретінде «WhatsApр» әлеуметтік желісінде «Көшет, тұқым Жамбыл ауданы» және «Мал базар Жамбыл ауданы Аса» атты жиынтық топтар ашылып, алып-сату жұмыстары жүргізілуде.

Шаруа қожалықтарының иелері коронавирустан қорғану үшін өздерін және жұмысшыларын қорғаныс киімдерімен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.