Жедел штаб қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

0

Елімізде төтенше жағдайдың алдын алуына байланысты коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жедел штабы 7 сәуірден бері әрекет етіп келеді. Жедел штаб құрамындағы 7 топтың жұмысы жүйелі жүргізілді.

Кешегі күнге дейін аудандық жедел штабтың 9 отырысы өтіп, күн тәртібінде төтенше жағдай талаптарына сәйкес кезек күттірмейтін мәселелер қаралды, маңызды шешімдер қабылданды, мәселелердің уақытында шешілуіне жедел әрекет жасалды.

Жедел штабқа тұрғындардан келіп түскен хабарламалар мен өтініштерге дер кезінде сапалы әрі нақты жауаптар берілді, көтерілген мәселелердің оң шешілуі тұрақты бақылауға алынды. Штаб кезекшілері тұрғындардан түскен мәліметтерді жедел қабылдап, өтініштерді орындау үшін тиісті топтарға жеткізіп отырды. Өтініш иелерінің көпшілігі облыс орталығында денсаулығын тексертуге, азық-түлік тасымалдауға, дақыл тұқымдары мен ағаш көшеттерін әкелуге, құрылыс және басқа тауарлар алуға Тараз қаласына блок-пост арқылы өтуге рұқсатнама беруін сұраса, бірқатары мемлекеттен берілетін жәрдемақы туралы сауалдарын жолдады. Өтініштердің барлығы дерлік орындалды. Штабқа түскен өзге де талап-тілектер қаперге алынды. Бұған қоса, жедел штаб отырыстарының хаттамалық тапсырмалары толығымен орындалып, мәселелер шешімін тапты.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жедел штабы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.