Депутаттар — тұрғындармен бірге

0

Індет өршіп тұрған шақта белсенді азаматтардың қолдауымен жасалып жатқан ізгілікті іске иілген аудандық мәслихат депутаттары қиналғанға қол ұшын созып, жомарттық танытуда.

Игі іске аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиевтің өзі бас болып, өздері сайланған округтердегі көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жаны бар отбасыларына көлемді әлеуметтік сыйқалтаны табыс етті.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен, қашанда жақсылық жасауға ұмтылып тұратын халық сенімді өкілдеріне шексіз ризашылығын білдірді.

Мәселен, Рүстем Әлішұлы Қаракемер ауылдық округінде тұратын 30 отбасына өз қаражаты есебінен көлемді сыйқалта мен 500 бетперде ұсынса, халық қалаулысы Данияр Жузанов айшабибіліктерге 1000 бетпердені сыйлады. Көлқайнар ауылдық округінен сайланған депутат Нуритдин Бегманов көмек ретінде 30 ауланың жерін өз техникасымен аударып, тырмалап, тегістеп беруге мұрындық болды.

Халық қалаулысы Индира Тоғанбаева асалық үш отбасына азық-түлік салынған сыйқалтаны тарту етті. Ал, Ерназар, Өрнек, Тоғызтарау ауылдық округтеріндегі 10 отбасы аудандық мәслихаттың депутаты Талап Әбдібековтің сыйқалталарына риза көңіл танытқан.

Өзге депутаттар да әріптестерінен қалыспай ауыл тұрғындарына әлеуметтік сыйқалта табыстап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осылайша аудандық мәслихаттың депутаттары халқымен бірге екенін көрсетті.

Дүйсенбек Орманов

Leave A Reply

Your email address will not be published.