Халық қалаулысының көмегі

0

Еліміздегі жағдай жайымен орнығып келеді. Бұған билік басындағылардың қажетті шараларды қолға алып, шұғыл әрекет етуі сеп болды. Елге жауапты тұлғалар халықтың жағдайын ойлап, ешкімді көмексіз қалдырмады. Қалдырмайды да. Өз кезегінде төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатқан халқымыз уақытша қиыншылықты бірге еңсеруде. Бір-біріне қол ұшын созуда. Бірлесіп мұқтаж жандарға көмектесуде. Бірлігімізді, елдігімізді көрсетуде.

Игі істен елдің қамын ойлаған халық қалаулылары да тыс қалып жатқан жоқ. Олар мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Мәселен, жуырда облыстық мәслихаттың депутаты Махамбет Дүйсембаевтың демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы 20 отбасыға көмек көрсетілді. Олар күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтылды. Азық-түлікті Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалының қызметкерлері, еріктілер жеткізіп беріп, алғысқа бөленді. Бұл игі ісімен халық қалаулысы аудан жұртшылығымен бірге екенін аңғартты.

Ильяс Қалыбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.