Көңілге қуаныш сыйлады

0

Ел бірлігі, ел ынтымағы – баға жетпес құндылық. Осынау құндылығымыз барынша дәріптелетін уақыт бүгін.

Қашанда қайырымдылықтың орны ерекше. Карантин енгізілген күннен бастап жүрегі жомарт жандар көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік тауарларын үлестіріп келеді.

Осындай игі істі жалғастыру, яғни, қайырымдылық жасау мақсатында Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен «Жалпақтөбе» БПҰ-ның төрағасы Сайдулла Тәжиев және Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев бірқатар әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйіне арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыс етті.

Қиын кезде қол ұшын берген, көңілге қуаныш сыйлаған жүрегі мейірімге толы жандарға тұрғындардың ризашылығы шексіз болды.

Ермек САУЫТБЕКОВ,

Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.