Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің аудан тұрғындарын Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы

0

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымызда «Ер – елдің қорғаны» деген қанатты сөз бар. Біз әрқашан Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің бейбіт күнге жеткізген жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшкен емес. Табан ет, маңдай термен келген Ұлы Жеңіс күні мәңгі жасай берсін!

Ал, бұл күнде бейбітшілік орнаған еліміздің тыныштығын күзетіп тұрған Отан қорғаушыларға жүктелген міндет өте жоғары. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің мәртебесі асқақтай түскен. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында әскери техникалардың саны артып, сапасы жақсарды. Ел сенімін ақтаған сардарлар Отан алдындағы антына адалдық танытып келеді. Қашанда ел қорғаны – әскери күшіміздің айбыны асқақтай берсін, байрағымыз биікте желбіресін.

Ардақты жерлестер! Баршаңызды мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға шаттық, береке тілейміз. Еліміздің іргесі берік болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.