Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Талас ауданына барды

0

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары Талас ауданындағы бірнеше кәсіпорынға барумен жалғасты. Жобалық қуаттылығы 700 миллион текше метр болатын «Амангелді Газ» ЖШС жыл сайын 355 миллион текше метр көгілдір отын өндіруде.

Мұнда облыс әкімі барлау мен өндірісті ұлғайту қажеттігін атап өтті. Газ кәсіпорындар үшін де, қоғамға үшін де қай кезде де қажет. Сонымен қатар, өңірде елді мекендерді газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы Ақкөл маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындағаны белгілі. Сол кезде бөгеттер шұғыл түрде күшейтіліп, нәтижесінде төтенше жағдайдың алдын алып, қайғылы оқиғаларға жол берілмеген. Енді су тасқынына қарсы іс-шараларға 721 миллион теңге бөлінбек. Бұл қаражатқа бөгеттің шөгіндісін салу, деңгейін көтеру, жағалауды қорғау жұмыстары, су қоймасының түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Аса өзенінің төменгі ағысында Талас ауданының экономикасы үшін маңызы зор 1700 гектар суармалы жерлер мен шабындықтар орналасқан. Сондай-ақ вегетативтік маусым басталғанға дейін Бөгеткөлден түсетін су көлемін ұлғайту мәселелесін шешу қажеттігі көтерілді.

«Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының Талас пен Байзақ аудандарының шекарасына су қоймасы салу туралы ұсынысы жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мамандар бұл жерде су жинау суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға көмектесе ме деген сұраққа жауап іздеуі қажет. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.
«Қазсушар» филиалы әр аудан бойынша су лимитінің сақталуын қадағалап, туындаған дауларды тез арада шешкені абзал. Біз барлығы үшін тиімді болатын әрекеттерге ғана барамыз. Басты мақсат – аймақтың экономикасын дамыту және жамбылдықтардың әл-ауқатын арттыру,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.