Б. Нарбаев жұмыс сапарымен Талас ауданында болды

0

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев Талас ауданына жұмыс сапарымен келді. «Nur Otan» партия Талас аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағаларымен, депутаттық фракция мүшелерімен және бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Балабек Жанбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың содай-ақ «Nur Otan» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері аудан тұрғындары арасында карантин ережелерінің сақталуын бақылау, ірі азық-түлік сауда орындарында тауар қоры мен бағаның тұрақтылығын және өткізу блог-бекеттерінің жұмыстарын зерделеу мақсатында партиялық рейд жұмыстарын күшейту керектігі жөнінде нақты тапсырмалар берді. Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев жергілікті тұрғындар арасында «Біз біргеміз» республикалық қорынан берілетін 50 мың теңге бойынша көмекті және 7 санатты қамтитын 15 мың теңге көлеміндегі коммуналдық төлемдерді жауып беруге көрсетілетін көмектер туралы ашық түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді де айтып кетті.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев аудандағы «TalasInvestmentCompany» ЖШС зауытының жұмысымен танысып, төтенше жағдай кезінде сақтық шараларын қатаң ұстауды зауыт басшылығына тапсырды.
Жұмыс сапары барысында Балабек Жанбекұлы республикалық көлемде жүзеге асып жатқан «Біз біргеміз» акциясы аясында Қаратау қаласы және Ақкөл ауылындағы аса мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған 3 отбасыға бірінші кезекте қажетті азық-түліктер тауарларымен гигиеналық заттар салынған қорапшаларды үлестірді. Бұдан әрі Балабек Жанбекұлы Ақкөл ауылындағы шаруақожалық жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. «Бекен» шаруақожалығының жұмысымен танысып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.