Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

0

Нұржан Сәбитұлы алдымен 5 мөлтек ауданындағы №5 үйге жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Жалпы, көппәтерлі үйдің құрылысына 341277,0 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарына жауапты «АКМ Group» ЖШС (директоры О.Ким) нысанды үстіміздегі жылдың қазан айында аяқтап бітуі тиіс. Қазір мұнда қажетті техникалар тартылып, 30 адам жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов 3 мөлтек аудандағы №3 үйге жүргізіліп жатқан толық жөндеу жұмыстарын аралап көрсетті. Құрылыстың сметалық құны 199557,08 мың теңгені құрайды. Жауапты мердігер ЖК «Бижан О.О», техникалық қадағалаушы «Фирма АКМ». Қазіргі таңда мұнда 45 адам жұмыс жасауда. Барлығы да жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар іске кіріспес бұрын талапқа сәйкес күнделікті тепловизерден тексеруден өтеді. Санитарлық талаптар сақталған. Бұл жайында тапсырыс беруші тарапынан бекітілген маман Шәріпбек Оңалбаев айтып берді. Бұдан бөлек облыс әкімінің орынбасары жаңа басталған 3 мөлтек ауданы №22 үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қосалқы мердігер «Еverest construction» ЖШС-нің бас директоры Ержан Бабакуловтың сөзінше, тиісті жұмыстар қазан айында аяқталады. Қазір тұрғын үйдің шатырын жабу мен қабырғаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нысанға қоғамдық бақылау посты орнатылған. Жұмыс сапары соңында Нұржан Календеров Қаратау-Көктал көлік жолының құрылысын арнайы барып көрді. Жөндеу жұмысына жауапты «АияСервис» ЖШС бүгінге дейін тиісті 14,5 шақырым жолдың 12,6 шақырымына асфальт төсеп бітірген. Мердігер құрылысты белгіленген мерзімнен 2 ай бұрын аяқтамақ. Қазір нысан басында 15 арнайы техника, 25 адам жұмыс жасап жатыр. 8 адам аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылған. Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген Нұржан Сәбитұлы: «Карантин режиміне байланысты құрылыс материалдарын алдыруда қиындықтар туындап жатқан шығар. Бірақ, сіздердің жұмыстарыңызға ешқандай шектеу жоқ»,-деп тиісті сала басшыларына жұмыстың сапалы жасалуын және белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін бақылауда ұстауды тапсырды. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Тамды ауылдық округіндегі Қойгелді-Ерназар бағытындағы санитарлық постының жұмысын көрді. Тамды ауылындағы егін шаруашылығына келіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.