Қордай ауданының әкімі жаңа бағдарламының шапағатын сезінген жамбылдықтармен кездесті

0

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулет ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның алғашқы кезеңіне енген Жамбыл ауылдық округіне іссапарымен барды. Бүгінде ауыл халқының арасында кең қолдауға ие болған бірегей жобаның арқасында ауыл азаматтары кәсіпкерлікпен айналысып, мал басын көбейтуге, бордақылау, сүт сауып өткізу, көкөніс егу ісін бастауға мол мүмкіншілік алып отыр.
Аудан әкімі Р.Дәулет бүгін осы жаңа бағдарламаның шапағатын сезініп отырған тұрғындардың тіршілігін көріп, болған жағдайда мәселелерін тыңдау мақсатында округтегі бірқатар шаруалармен кездесті. Ең әуелі, «Жаңатұрмыс-Бірлік» ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысымен танысты. Агрономия, зоотехния қызметтерін көрсету, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіріп-өндіру, жинау, жеке қосалқы шаруашылықтар өндірген дайын өнімді сату міндеттері жүктелген кооперативтің құрамында 103 мүшесі бар. Кооперативке техника сатып алу үшін 125,9 млн. теңгеге несие беріліп, бүгінгі күнге 19 дана әр-түрлі техника алынған. Нәтижесінде 690 гектар жер толығымен айдалып, дәнді масақты және көпжылдық шөптерді егу жұмыстары жүргізілді.
Кейіннен осы ауылдағы пилоттық жобаның бесінші бағыты бойынша 3,73 млн теңге несие алып, бал омартасын ашқан В.Кирилловтың үйіне барды. Қазіргі уақытта 100 ге жуық бал ара жәшіктері және бал жинауға қажетті кұрылғы (не догонка) алынып, жұмыс толығымен басталған.
Сондай-ақ, осы күні аудан басшысы пилоттық жобаның бірінші бағытындағы үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытын іске асырып жатқан, тұрғындардың шаруасын көрді. Бүгінгі күнге бұл бағыт бойынша 1032 жері бар ауланың 950 ауласы қатысқан, яғни ауыл тұрғындарының 90 проценті көкөніс өсірумен айналысуды қолға алған. Ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегінің арқасында Жамбыл ауылдық округі бойынша жалпы 12 шақырым арықтар толығымен тазаланған.
Жұмыс сапары барасында аудан әкімі Р.Дәулет ауыл әкіміне жобаның іске асуы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, аудан әкімі орынбасарының тікелей бақылауында екендігін жеткізді.
Бүгінде ауданда Жамбыл ауылдық округінен бөлек басқа да елді мекендердің тұрғындары игі бастамаға қызығушылық танытып, ол бойынша жұмыс жасауға жоғары ниеттерін білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.