Сын сәтте сыр бермейiк

0

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бірінші Мәлімдемесінде Төтенше жағдай кезінде орындалуы тиісті жұмыстарды айқындап берген болатын. Мемлекет тарапынан мұқтаж жандарға көмектер көрсетiлдi. Бүгінде көптеген жиындар мен кездесулер видеобайланыс арқылы өткізілуде. Коронавирусқа қарсы күрес – бүгінгі таңдағы негізгі мәселе болғандықтан, Мемлекет басшысы азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең басты міндет санайды. Ол барлық отандастарымызды Төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауға шақыруда.

Осы ретте әр азамат халықтың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуі керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын, азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінгенін жеткізген болатын.

27 сәуір күнгі Мәлімдемесінде Ел Президенті жақсы хабар айтып елді бір қуантып тастады, 11 мамыр күні төтенше жағдай режимі тоқтатылатыны туралы. Ағайын мұндай үнсіз соғыстан аман есен шығатынымызға тәубе дейік. Сондықтан да төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтай отырып, аталған сынақтан ұйымшылдықпен аман-есен өтейiк. Сыналған сәтте сыр бермейiк ағайын!

Б.Сатыбалдиев,

Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, ауданның құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.