Сабырмен қиындықты жеңеміз

0

Елімізде белең алған дертке байланысты карантин режимінде жүргенімізге біраз болды. Әрине, халықта алаңдаушылық пен қобалжу бар.Үйден шықпай, сақтық шараларын сақтап отырған қоғамымыздың аз қамтылған,әлеуеті әлсіз, жұмыссыз қалған бөлігі мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алуда. Дей тұрғанмен, шешімін күткен түйткіл мәселелер де бар. Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды ҚР Президенті Қ.Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде түгел қамтыды, шешу жолдарын нақтылады. Құрметті Отандастар, күннің жаманы өтеді, короновирус кетеді, шаттық туы желбіреп Жеңіс күні жетеді! Тәртіп сақтап, сабырмен қиындықты жеңеміз, Біз үйдеміз, ел-жұртпенен біргеміз!!

Гүлжаһан Кәрібайқызы,

«Ұлағат отауы» ҚБ төрайымы, ардагер-ұстаз

Leave A Reply

Your email address will not be published.